Астанада мемлекет пен азаматтық қоғам арасындағы байланыс мәселелеріне арналған кездесу өтті

Астанада мемлекет пен азаматтық қоғам арасындағы байланыс мәселелеріне арналған кездесу өтті

Астанада «Көшбасшылар керуені» жобасы аясында қоғамдық қатысу тетіктерін дамытуға арналған кездесу өтті. Іс-шараға Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің, Маңғыстау облысының қоғамдық кеңесінің өкілдері, мәслихат депутаттары және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

Кездесу барысында мемлекеттік органдар мен азаматтық сектор арасындағы ынтымақтастық мүмкіндіктері, қоғамдық бақылау тетіктері және халықтың шешім қабылдау процестеріне қатысу нысандары жан-жақты талқыланды. Сонымен қатар, қоғамдық кеңестерді дамыту және олардың құзыреттілігін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі