
ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында қазақтың аса көрнекті ағартушысы, қоғам қайраткері, ақын, жазушы Міржақып Дулатұлының 140 жылдық мерейтойына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Іс-шара Міржақып Дулатұлының саяси-ағартушылық қызметін жан-жақты талдау мақсатында ұйымдастырылды. Қатысушылар қаламгердің қазақ тілінің дамытуға бағытталған еңбектерін және олардың қазіргі лингвистикалық ғылым мен журналистикаға ықпалын талдады.
Конференцияға мемлекет және қоғам қайраткерлері, алаштанушы ғалымдар, БАҚ өкілдері, жоғары оқу орындарының магистранттары мен студенттері қатысты.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі