Астанада мемлекеттік рәміздер мен геральдика мәселелері бойынша республикалық семинар басталды

Астанада мемлекеттік рәміздер мен геральдика мәселелері бойынша республикалық семинар басталды

Астанадағы ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында «Мемлекеттік рәміздер және геральдика мәселелері» тақырыбында республикалық семинар басталды.

Іс-шараның мақсаты – мемлекеттік рәміздерді ұлықтау, насихаттау және патриоттық рухты қалыптастыру.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті мен Геральдикалық зерттеулер орталығы ұйымдастырған семинарға ғылыми қауымдастық өкілдері және өңірлердегі атқарушы органдардың мамандары қатысты.

Жиын барысында мемлекеттік рәміздерді пайдалану тәртібі, олардың символдық мәні мен тарихи маңызы, сондай-ақ ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградалардың геральдикасы, патриоттық рухты қалыптастыру және рәміздерді насихаттау мәселелері талқыланды. Сонымен қатар өңірлік нышандарды әзірлеу қағидалары және халықаралық тәжірибедегі өңірлік геральдикаға қатысты баяндамалар ұсынылды.

Семинардың алғашқы күнінде қатысушылар мемлекеттік рәміздерді құрметтеу мәдениетін қалыптастыру, оларды дұрыс қолдануды қамтамасыз ету және өңірлік символдарды жетілдіру жөніндегі ұсыныстарын ортаға салды.

Іс-шара ертең ҚР Ұлттық музейінде жалғасады.


ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі