
Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының А. Жұбанов атындағы кіші залында «JUREGIMDE» атты еліміздегі алғашқы этно-мюзикл премьерасы өтті.
Жоба жас таланттарды қолдауға бағытталған «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының қолдауымен жүзеге асырылды. Қойылымның идея авторы әрі жетекшісі – «Арт-менеджмент» білім беру бағдарламасының магистранты, 2024 жылғы грант иегері Анель Аубакирова.
«JUREGIMDE» этно-мюзиклі ұлттық құндылықтарды жас ұрпаққа жеткізудің маңызын және мәдени бірегейлікті нығайтудағы өнердің рөлін айшықтайды. Қойылымда қазақтың музыкалық дәстүрі заманауи сахналық шешімдермен үйлесім тапқан.
Спектакльді қоюға консерватория студенттері, оқытушылары мен шығармашылық ұжымы атсалысты.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі