
Астанада «Ұстаным» ұлттық пікірталас клубының «Қоғамдық кеңестер – қоғамдық диалог пен әріптестіктің құралы» тақырыбында отырысы өтті.
Жиынға ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Азаматтық қоғам істері комитетінің өкілдері, орталық мемлекеттік органдар жанындағы қоғамдық кеңес мүшелері, Алматы, Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарының өкілдері, үкіметтік емес ұйымдар мен сарапшылар қатысты.
Қатысушылар соңғы жылдары қоғамдық кеңестер айтарлықтай нығайып, азаматтардың мемлекеттік саясатты әзірлеуге, оның орындалуын қадағалап және бағалауға қатысуына мүмкіндік беретін маңызды құралға айналғанын атап өтті.
Сонымен қатар, қоғамдық кеңес мүшелерінің құзыретін арттыру, үкіметтік емес ұйымдармен, сараптамалық қауымдастықпен және қоғаммен өзара байланысты күшейту қажеттілігіне ерекше назар аударылды.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі