
Бүгін Астанада Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті.
Іс-шара барысында 2025 жылдың алғашқы сегіз айында ақпаратқа қол жеткізу саласындағы мемлекеттік бақылаудың нәтижесі, сондай-ақ мемлекеттік органдардың ашық жұмыс істеуін бағалайтін жүйені жетілдіру мәселелері талқыланды.
Отырыс қорытындысы бойынша Комиссия мүшелері мемлекеттік бақылауды жүргізу тәртібіне қатысты ұсыныстарын білдіріп, мемлекеттік органдардың бағалау жүйесін жетілдіруді қолдайтынын жеткізді.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі