Архив құжаттары негізінде «Ш. Уәлиханов пен Г. Потанин» атты көрме ұйымдастырылды

Архив құжаттары негізінде «Ш. Уәлиханов пен Г. Потанин» атты көрме ұйымдастырылды

Орталық мемлекеттік архивінде көрнекті ғалым, саяхатшы және этнограф Шоқан Уәлихановтың 190 жылдығына орай «Ш. Уәлиханов пен Г.Потанин» атты көрме ашылды.

Іс-шараға зерттеушілер мен тарихшылар, архивистер, ғылыми кеңес мүшелері, жоғары оқу орындарының студенттері мен магистранттары және өзге де сала мамандары қатысты.

Шоқан Уәлихановтың тарихи мұрасы мен оның зерттелуі, архив қорларында сақталған құнды деректер мен материалдардың ғылыми маңызы талқыланды.

Көрмеде Шоқан Уәлихановтың сирек кездесетін қолжазбаларының көшірмелері, Шығыс Түркістан халқы туралы очерктері, Қашғар мен оның төңірегі жайлы тарихи жазбалары, күнделіктері, хандар мен сұлтандар шежіресі туралы материалдар, дайындық жазбалары мен сурет-сызбалары ұсынылды. Сонымен қатар оның досы Г. Потаниннің Орта Азияны зерттеуіне арналған құжаттар көшірмелері, фотосуреттер, хаттардың түпнұсқалары, сондай-ақ ғалымның жерленген жеріне қатысты архив деректері қойылды. 

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі