«Ел салтанаты»: Алматыда «Салтанат» мемлекеттік би ансамблінің мерейтойлық концерті өтті

«Ел салтанаты»: Алматыда «Салтанат» мемлекеттік би ансамблінің мерейтойлық концерті өтті

Almaty Theatre сахнасында Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «Салтанат» мемлекеттік би ансамблінің мерейтойлық концерті өтті. Бұл салтанатты іс-шара ансамбльдің 70 жылдық мерейтойы және Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналды.

Концерт аясында алғаш рет «Салтанат» ансамблінің қалыптасу тарихы, шығармашылық жолы және қазіргі даму кезеңі баяндалған арнайы кітаптың тұсаукесері өтті. Бұл басылым ансамбльдің ұлттық хореография өнерінің дамуына қосқан айрықша үлесін көрсететін маңызды мәдени жаңалық болды.

Кітап таныстырылымынан кейін көрерменге жаңартылған концерттік бағдарлама ұсынылды. Онда қазақтың ұлттық билерімен қатар әлем халықтарының көркем композициялары да көрініс тапты. Бағдарламада рухани бірлік, достық және мәдениетаралық байланыс тақырыбы көтеріліп, «Салтанат» ансамблі бірнеше онжылдық бойы дәріптеп келе жатқан құндылықтарды терең жеткізді.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі