ҚР Ұлттық кітапханасында Қазақстан қолжазбатанушылар қауымдастығының IV отырысы өтті

ҚР Ұлттық кітапханасында Қазақстан қолжазбатанушылар қауымдастығының IV отырысы өтті

Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында Қазақстан қолжазбатанушылар қауымдастығының IV кеңесі өтті.

Іс-шара барысында Қазақстандағы мемлекеттік және жеке қолжазба қорларына қатысты мәселелер, олардың ғылыми-практикалық маңызы, сондай-ақ құқықтық және заңнамалық реттеу аспектілері қаралды.

Кеңес барысында қолжазбаларды сақтау, ғылыми айналымға енгізу, жеке және мемлекеттік қорлардағы мұралардың құқықтық мәртебесі мен заңнамалық реттелуі бойынша мәселелер талқыланды. Қатысушылар жазбалармен жұмыс істеу әдістері, оларды жариялау тәжірибесі, сирек кездесетін дереккөздерді ғылыми айналымға қосу жолдары жайлы пікір алмасты.

Сонымен қатар ақын, күйші Сүбебек Нұрбаевтың «Ақтабан шұбырынды» дәуіріндегі тарихи оқиғаларды сипаттайтын 9000 жолдан тұратын жыр-дастанының қолжазбасын қызы Инабат Абжанова Ұлттық кітапхана қорына тапсырды.

Жиынға ғалымдар, зерттеушілер, мәдениет пен білім саласының өкілдері, сондай-ақ студенттер қатысты.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі