«Жыл волонтері – 2025» халықаралық сыйлығының жеңімпаздары анықталды

«Жыл волонтері – 2025» халықаралық сыйлығының жеңімпаздары анықталды

Астанада «Жыл волонтері» халықаралық сыйлығының биылғы жеңімпаздарын анықтау бойынша конкурстық комиссияның қорытынды отырысы өтті.

Байқауға 15 номинация бойынша 118 өтінім қабылданып, олардың ішінен 46 үміткер жеңімпаз атанды.

Салтанатты марапаттау рәсімі 5 желтоқсанда Астанада Халықаралық волонтёрлер күні мен Халықаралық волонтерлер жылының басталуына орай өтеді.

2025 жылғы «Жыл волонтері» халықаралық сыйлығы лауреаттарының тізімі

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі