
Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасында көрнекті жазушы, ақын, тарихшы, этнограф, аудармашы Сапарғали Ысқақұлы Бегалиннің туғанына 130 жыл толуына орай «Қазыналы қаламгер» атты әдеби кеш өтті.
Кітапхананың сирек басылымдар қорында Сапарғали Бегалиннің шығармашылық мұрасынан құнды дүниелер сақталған. Атап айтқанда, қаламгердің 1948 жылы жарық көрген «Төлбасылар» атты очерк пен әңгімелер жинағы және 1957 жылы орыс тілінде басылып шыққан «Рассказы» кітабы бар. Сонымен қатар жазушының әр жылдары жарық көрген кітаптары мен түрлі басылым беттерінде жарияланған шығармалары да кітапхана қорынан орын алған.
Әдеби кеш аясында жазушының өмірі мен шығармашылығына шолу жасалып, шығармаларынан үзінділер оқылды, бейнематериалдар көрсетіліп, кітап көрмесі ұйымдастырылды.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі