Алматыда «Ұлы Жібек жолымен – 2025» ХІІІ Халықаралық кітап және полиграфия көрмесі ашылды

Алматыда «Ұлы Жібек жолымен – 2025» ХІІІ Халықаралық кітап және полиграфия көрмесі ашылды

Алматы қаласында «Ұлы Жібек Жолымен – 2025» ХІІІ Халықаралық кітап және полиграфия көрмесі ашылды.

Іс-шара ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі және және Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен «Atakent-Expo» халықаралық көрме компаниясы, ҚР Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы және Қазақстанның баспагерлер, полиграфистер және кітап таратушылар ассоциациясы ұйымдастыруымен өтуде.

Көрмеге Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, Қытай елдерінің жетекші баспалары, полиграфиялық компаниялары мен кітапханалары, сондай-ақ Алматыдағы Иран Ислам Республикасының Бас консулдығының Мәдениет өкілдігі қатысуда.
Іс-шара аясында кітап нарығы мамандары, баспагерлер, кітап таратушылар, әдеби агенттіктер мен полиграфиялық компанияларға арналған дөңгелек үстелдер, семинарлар және кітаптарды қалпына келтіру бойынша шеберлік сабақтары өтуде.

Сонымен қатар танымал және жас жазушылармен кездесулер, жаңа кітаптардың тұсаукесерлері, концерттік бағдарламалар мен поэзия кештері өтеді.

Халықаралық кітап көрмесі 21 қарашаға дейін жалғасады. Көрме аясында 2024–2025 жылдары жарық көрген үздік кітаптар байқауының жеңімпаздары марапатталады.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі