Абай облысында ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Қанат Ысқақовтың халықпен кездесуі өтеді

Абай облысында ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Қанат Ысқақовтың халықпен кездесуі өтеді

2025 жылғы 20 қарашада Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министрі Қанат Ысқақов Абай облысына жұмыс сапарымен барады.

Сапар аясында облыс тұрғындарымен кездесу және азаматтарды жеке қабылдау жоспарланған (2025 жылғы 20 қараша, сағат 11:00, Семей қ., Ш. Уәлиханов көшесі, 150).

Өтінімдерді қабылдау сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін 8 (7172) 74-18-48 нөмірі бойынша жүзеге асырылады.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі