Қазақ ұлттық хореография академиясынан Жапония балет мектебінің оқушылары дәріс алды

Қазақ ұлттық хореография академиясынан Жапония балет мектебінің оқушылары дәріс алды

Қазақ ұлттық хореография академиясында жапондық балет мектебінің оқушыларына арналған шеберлік сағаты өтті. Yoshiko Takagi Ballet School делегациясы құрамында 23 оқушы және 3 педагог болды. Олар жыл сайын Академия базасында өтетін күзгі мектеп бағдарламасына қатысты.

Бағдарлама аясында қонақтарға классикалық және ұлттық-сахналық би бойынша шеберлік сағаттапы ұйымдастырылды. Сонымен қатар қатысушылар ел мәдениетімен, елорда сәулетімен танысып, Астананың көрікті жерлерін аралады.

Жапон балет мектебінің өкілдері қазақстандық балет мектебінің кәсіби деңгейін жоғары бағалап, Академияның халықаралық ынтымақтастыққа ашық екенін және хореография өнерін дамытуға қосып отырған маңызды үлесін атап өтті.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі