Атырау облысында ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Айбек Сыдықовтың халықпен кездесуі өтеді

Атырау облысында ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Айбек Сыдықовтың халықпен кездесуі өтеді

2025 жылғы 16-18 қарашада Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министрі Айбек Сыдықов Атырау облысына жұмыс сапарымен барады.

Сапар аясында облыс тұрғындарымен кездесу және азаматтарды жеке қабылдау жоспарланған (2025 жылғы 18 қараша, сағат 10:00, Атырау қ., Абай көшесі 8А).

Өтінімдерді қабылдау сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін 8 (7172) 74-18-48 нөмірі бойынша жүзеге асырылады.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі