
Ташкент қаласында «Орталық Азиядағы рухани мұра және ағартушылық» атты халықаралық конгресс өтіп жатыр. Форумға Орталық Азия елдері мен Әзербайжан ғылыми және мәдени қауымдастық өкілдері, дін қайраткерлері, жазушылар, суретшілер, кинематографистер мен жастар көшбасшылары қатысты.
Конгресс аясында қатысушылар Ташкенттегі Ислам өркениеті орталығына барды. Көпшілікке Тимуридтер, Қараханидтер және Орталық Азиядағы мемлекет, ғылым мен өнердің дамуына үлес қосқан өзге де ұлы тарихи кезеңдерге сай бірегей жәдігерлер таныстырылды.
Конгресс мәдени және рухани ынтымақтастықты нығайтып, тәжірибе алмасуға және аймақ халықтарының ортақ құндылықтарын сақтауға бағытталған маңызды халықаралық алаңға айналмақ.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі