Астанада мүгедектігі бар адамдардың ақпаратқа қол жеткізу мәселесі талқыланды

Астанада мүгедектігі бар адамдардың ақпаратқа қол жеткізу мәселесі талқыланды

Елордада мүгедектігі бар адамдардың ақпаратқа қол жеткізу мәселесіне арналған презентация өтті. Іс-шараға ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің, ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің өкілдері, «Инклюзивті парламент» депутаттық тобының мүшелері, сондай-ақ ассистивті технологиялар, ақпарат және цифрлық инклюзия саласындағы сарапшылар қатысты.

Қатысушылар мемлекеттік органдардың веб-сайттарын мүгедектігі бар адамдарға ыңғайлы ету мақсатында атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.

Талқылау қорытындысы бойынша ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігіне мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасы жүйесін жетілдіруге қатысты ұсыныстар жолданды.

Бұл шаралар нәтижесі Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссияның келесі отырысында ұсынылады.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі