Республика күніне орай елімізде «Жанашыр жүрек» акциясы өтуде

Республика күніне орай елімізде «Жанашыр жүрек» акциясы өтуде

Республика күні қарсаңында 16–25 қазан аралығында еліміздің барлық өңірлерінде «Жанашыр жүрек» атты ауқымды акция өтіп жатыр. Игі бастама азаматтық белсенділікті дамытуға, көмекке мұқтаж жандарды қолдауға, мейірімділік пен көмек көрсету мәдениетін нығайтуға бағытталған.

Алматы қаласында бастама аясында 20-дан астам қайырымдылық іс-шара жүзеге асты. Соның бірі – «Qamqor bol» акциясы. Волонтерлер баспанасы жоқ адамдарға ыстық тағам мен сусын таратты. Ұйымдастырушылар қарттар үйінде шығармашылық кеш өткізіп, қарияларға ерекше көңіл-күй сыйлады.

Жетісу облысында волонтерлер түрлі қайырымдылық іс-шараларға қатысып, ардагерлерге қамқорлық жасап, тұрмыстық және әлеуметтік көмек көрсетті.

Қарағанды облысында волонтерлер «Луч» нейрореабилитация орталығына, ауыр науқастарға арналған клиникаға және облыстық балалар психиатриялық орталығына барып, мәдени және тәрбиелік мәні бар бағдарламалр ұсынды.

«Жанашыр жүрек» акциясына волонтерлік ұйымдар, жастар бірлестіктері мен белсенді азаматтар белсенді қатысып, атсалысуда.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі