
Баспа, радио және интернет-журналистика саласындағы «ҮРКЕР – 2025 ұлттық сыйлығына өтінімдерді қабылдау жалғасуда
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұйымдастыруымен өтетін байқауға медиаконтент өндіретін және тарататын республикалық, өңірлік радиостанциялар, баспа және интернет-басылымдар қатыса алады.
Өтінімдер 2025 жылғы 20 қазанына дейін қабылданады.
Конкурстық жұмыстар 2024 жылғы 12 тамыз бен 2025 жылғы 30 қыркүйек аралығында республикалық немесе өңірлік баспа және интернет-басылымдарда жариялануы, не радио эфирде шығуы тиіс. Әр үміткер байқаудың тек екі номинациясына ғана қатыса алады.
Өтінімдер urker-awards.kz ресми сайтында 11 номинация бойынша қабылданады:
Жұмыстарды беделді журналистерсаланың еңбек сіңірген қайраткерлері мен медиасарапшылардан құралған тәуелсіз қазылар алқасы бағалайды
Конкурс қорытындысы бойынша әр номинация жеңімпазына «ҮРКЕР – 2025» естелік мүсіншесі және 1 000 000 теңге көлемінде ақшалай сыйақы табысталады
«ҮРКЕР» ұлттық сыйлығыбаспа, радио және интернет-журналистика саласындағы үздік жетістіктер үшін беріледі
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі