
2025 жылы 3 қазанда XII Азаматтық форумға дайындық аясында қаржы вице-министрі Ержан Біржановтың үкіметтік емес ұйымдармен кездесуі өтті.
Кездесуге Қазақстанның Азаматтық альянс өкілдері, Мемлекеттік қаржы жөніндегі Қоғамдық кеңес және Кәсіпкерлік мәселелер жөніндегі Сараптамалық кеңес мүшелері, сондай-ақ ҮЕҰ, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мен ҚР Қаржы министрлігінің құрылымдық бөлімше басшылары қатысты.
Кездесудің негізгі тақырыбы жаңа Салық кодексінің ережелері болды. Қатысушыларға негізгі өзгерістер таныстырылды. Атап айтқанда, салық есебін 30% қысқарту, камералдық тексерулерді ескерту форматына көшіру, сондай-ақ шоттарды автоматты түрде бұғаттаудан бас тарту мәселелері қарастырылды.
Диалог барысында қатысушылар тақырыптың өзектілігін атап өтіп, форум қарсаңында мұндай кездесулердің маңызы ерекше екенін сөз етті. Сонымен қатар пікір алмасып, өз сұрақтарына жауап алды. Жиын соңында қатысушылар өз ұсыныстарын Қаржы министрлігіне жеткізді.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі