Мәдени мұраны сақтау бойынша семинар басталды

Мәдени мұраны сақтау бойынша семинар басталды

Биыл 23-26 қыркүйек аралығында Бурабай ауданында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қазақстандық қоғамдық даму институтының MediaLab орталығы оқыту семинарын өткізеді. Іс-шара ЮНЕСКО-ның Материалдық емес мәдени мұраны сақтау жөніндегі 2003 жылғы Конвенциясын жүзеге асыру аясында ұйымдастырылады.

Семинардың мақсаты – мәдениет саласындағы мамандар мен сарапшылардың материалдық емес мәдени мұраны (МЕММ) сақтау жөніндегі жобаны жүзеге асыру, құжаттау және түгендеу туралы білімін жетілдіру және кәсіби қызметіне қажет практикалық машықтарды үйрету.

Оқу бағдарламасы «Материалдық емес мәдени мұраны қорғау жөніндегі халықаралық саясатқа кіріспе», «2003 жылғы Конвенция: сақтау шаралары, саясаты және институттар», «Қоғамдастыққа негізделген инвентаризация (түгендеу жүйесінің негізін әзірлеу)»тақырыптарын қамтиды.

Семинарға 30-дан астам қадам қатысады. Олардың қатарында елдегі әкімдікке қарасты мәдениет басқармалары, ұлттық, өңірлік музейлер, рухани мұра қоғамдастықтарының өкілдері, «Мәдениеттану» мамандығын даярлайтын ЖОО мамандары бар.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі