Алматы облысында нормативтік-құқықтық актілерді түсіндіру бойынша «Ономастика саласы бойынша ізденіс пен тәжірибе» атты семинар өтті.
Жиынға ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің өкілдері, облыстық тілдерді дамыту басқармасының мамандары, аудан әкімдерінің орынбасарлары, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдерінің басшылары мен ауылдық округ әкімдері қатысты.
Семинар барысында ономастикалық жұмыстарды жүйелеу, көше атауларын тарихи жер-су мен дәстүрлі атауларға алмастыру мәселелері талқыланды. Қазіргі таңда атау беруде кісі есімдеріне шектеу қойылғандықтан, жұмыс барысында Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің әзірлеуімен «Тарихи тұлғалар», «Жер-су атаулары» және «Дәстүрлі атаулар» тізімдерін басшылыққа алу керектігі айтылды.
Айта кетейік, биыл Алматы облысында Жол картасына сәйкес 678 көше атауы кезең-кезеңімен өзгертілсе, Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай ҰОС ардагерлерінің есімдерін ұлықтау мақсатында облыстағы 73 ардагердің есімі көшелерге берілді.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі