2025 жылдың 24 қыркүйегінде елордада Қазақстандағы XII Азаматтық форум қарсаңында орталық мемлекеттік органдардың бірінші басшылары азаматтық қоғам өкілдерімен салалық бағыттар бойынша кездесулер легін бастады.
Астанада ҚР Әділет министрі Ерлан Сәрсембаевтың азаматтық сектор өкілдерімен кездесуі өтті. Кездесу цифрландыру мәселелеріне және адам құқықтары саласындағы халықаралық міндеттемелерді іске асыруға арналды.
Министр Әлемдік әмбебап мерзімді шолу мен Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пакт аясында ұлттық баяндамаларды дайындау және қорғау ісінде азаматтық қоғамның рөлі ерекше екенін атап өтті. Бұл бағыттағы күш-жігер Қазақстанның халықаралық беделін нығайтып, елдің адам құқықтары саласындағы халықаралық міндеттемелерді сақтайтынын дәлелдеді.
Кездесу аясында азаматтық қоғам өкілдері мен Әділет министрлігі арасында тікелей диалог орнауына ықпал еткен сұрақ-жауап сессиясы ұйымдастырылды.
Осындай кездесулер мемлекет пен қоғам арасындағы өзара сенімді, ашық әріптестікті нығайтудың маңызды құралы саналады.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі