Мемлекеттік академиялық би театры 58-ші театр маусымын ашты

Мемлекеттік академиялық би театры 58-ші театр маусымын ашты

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік академиялық би театры 58-ші театр маусымын Тараз және Шымкент қалаларына гастрольдік сапармен ашады. Балет труппасы сахнада әлемдік хореографияның екі аңызға айналған туындыны ұсынады. Ол П.И. Чайковскийдің «Аққу көлі» және Ж. Бизе – Р. Щедриннің «Кармен-сюитасы». 26 қыркүйекте Шымкент қаласында ұжым «Түркістан сарайы» концерт залында өнер көрсетеді, ал 28 қыркүйекте Тараз қаласында «Баласағұн» мәдениет сарайында қойылым өтеді.

Әлемдік балет өнерінің өшпес классикасы атанған «Аққу көлі» балеті ғасырлар бойы әлем сахналарында қойылып келеді және бүгінге дейін классикалық өнердің жауһарына айналып, көпшіліктің ықыласына бөленді. Балеттің оқиғасы көне неміс аңызына негізделген, зұлым сиқыршы Ротбарттың қарғысына ұшыраған сұлу ханшайым Одетта аққуға айналады. Бұл балетті отандық балетмейстер Болат Аюханов 1967 жылы Алматы хореографиялық училищесінің бітіруші сыныбына алғаш рет авторлық интерпретациясында қойды және өзі жетекші партиялардың бірін орындады. Қойылым «Алматы жас балетінің» репертуарына еніп, 2000 жылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік академиялық би театрының афишасындағы жауһарға айналды. Аюхановтың нұсқасында оқиға қайғылы аяқталады: зұлымдық жақсылықты жеңіп, көрерменді кейіпкерлердің тағдыры мен адам әрекетінің табиғаты жайлы ойға қалдырады.

Қойылымның екінші бөлігінде Жорж Бизенің «Кармен» операсының желісі бойынша бір актілі «Кармен-сюита» балеті ұсынылады. Қойылым ортасында – сыған қызы Кармен мен оған ғашық болған сарбаз Хозенің трагедиялы тағдыры. Танымал музыка, хореографияға толы қойылым, би өрнектері, жарқын кейіпкерлер, динамикалық сюжет пен классикалық вариациялар келген қонақты бей-жай қалдырмайды. Болат Аюханов Майя Плисецкаямен жеке таныс болған, онымен жақсы араласқан. Дарынды тұлғаның өнеріне деген сүйіспеншіліктен П. Мерименің желісі бойынша ерекше туындыны дүниеге әкелген.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі