Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі «Жыл волонтері» халықаралық сыйлығына өтінімдер қабылдау басталғанын жариялайды.
Бұл сыйлық волонтерлер қозғалысын дамытуға, әлеуметтік және қоғамдық маңызды мәселелерді шешуге зор үлес қосқан қазақстандық және халықаралық волонтерлерді, волонтерлік топтар мен ұйымдарды ынталандыру және қолдауға бағытталған.
Сыйлық шынайы жанкештілікпен көмек көрсетіп жүрген, табиғатты қорғауға, білім мен мәдениетті дамытуға, төтенше жағдайлардың салдарын жоюға атсалысқан волонтерлерді анықтап, оларды марапаттау мақсатында тағайындалды.
Аталмыш сыйлық 15 номинация бойынша табысталады:
1. Үздік волонтерлік ұйым
2. Корпоративтік волонтерліктің көшбасшысы
3. Тұрақты даму мақсаттарының көшбасшысы
4. Үздік әлеуметтік көмекші
5. Төтенше жағдайларды жоюға белсенді қатысқаны үшін
6. Із-түссіз жоғалған адамдарды іздеуге белсенді қатысқаны үшін
7. Құқық бұзушылық құрбандарына көмек көрсетуге белсенді қатысқаны үшін
8. Денсаулық сақтау саласын дамытуға қосқан үлесі үшін
9. Салауатты өмір салтын насихаттауға белсенді қатысқаны үшін
10. Білімді дәріптеуге қосқан үлесі үшін
11. Қоршаған ортаны қорғауға және сақтауға қосқан үлесі үшін
12. Бейбітшілік, достық және келісімді нығайтуға қосқан үлесі үшін
13. Тарихи-мәдени мұраны сақтау мен дамытуға қосқан үлесі үшін
14. Жануарларды қорғау мәселелерін шешуге қосқан үлесі үшін
15. Әлеуметтік мәселелерді шешуге қосқан үлесі үшін
Құжаттарды қабылдау 2025 жылғы 2 қыркүйектен бастап 21 қыркүйекке дейін «Qazvolunteer.kz» сайтында жүзеге асырылады.
«Жыл волонтері» халықаралық сыйлығын беру ережелерін және қажетті құжаттар тізімін «Qazvolunteer.kz» немесе www.adilet.kz сайтынан көруге болады (Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2020 жылғы 12 қазандағы № 339 және 2022 жылғы 2 қарашадағы № 481 бұйрықтары).
Сілтеме: http://10.61.42.188/rus/docs/V2000021420
Қосымша ақпарат пен құжаттарды тапсыру тәртібі бойынша келесі байланыстар арқылы хабарласуға болады:
+7 (7172) 740311, 741332
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі