Абай облысында XII Өңірлік азаматтық форум өтіп жатыр

Абай облысында XII Өңірлік азаматтық форум өтіп жатыр

2025 жылғы 26 тамызда Семей қаласында «Мемлекет – бизнес – ҮЕҰ: тиімді өзара әрекеттесу және серіктестік» тақырыбында Абай облысының XII Өңірлік азаматтық форумы өтіп жатыр.

Форумға ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің өкілдері, Қазақстанның Азаматтық альянсы, үкіметтік емес ұйымдар, бизнес-қоғамдастық, жастар бірлестіктері, қоғамдық кеңестер мен белсенді азаматтар қатысуда.

Іс-шара бағдарламасында азаматтық қоғамды дамыту перспективалары, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың рөлі және үкіметтік емес секторды қолдау құралдары талқылануда.

Әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту мен жастардың азаматтық белсенділігін арттыруға да ерекше назар аударылған. Сонымен қатар, форум аясында пленарлық отырыс пен үздік жобаларды марапаттау рәсімін өткізу жоспарланған.

Аталған форум өңірдің тұрақты дамуы жолында мемлекет, бизнес және азаматтық қоғам арасында өзара тиімді байланыс пен ашық диалог орнатудың маңызды алаңына айналмақ.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі