Қазақстан Оңтүстік-Қытай кітап жәрмеңкесіне қатысты

Қазақстан Оңтүстік-Қытай кітап жәрмеңкесіне қатысты

15 тамызда Гуанчжоу қаласында Оңтүстік-Қытай кітап жәрмеңкесі-2025 аясында Орталық Азия елдерінің павильонының ашылу рәсімі өтті

Іс-шараға Қазақстан тарапынан Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті төрағасының орынбасары Роллан Құспан және Қазақстан Республикасының Гуанчжоу қаласындағы бас консулы Валихан Сарсембеков қатысты

Жәрмеңке шеңберінде ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігініңҚазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Елшілігініңсондай-ақ Beijing Glize Cultural Media Co., Ltd.» компаниясының қолдауымен Қазақстанның ұлттық павильоны таныстырылды

Павильонда қазақстандық жетекші баспалардың басылымдарықытай әдеби шығармаларының қазақ тіліне және қазақстандық авторлардың шығармаларының қытай тіліне аудармаларысондай-ақ Қазақстанның сауда-экономикалық және туристік әлеуеті туралы ақпараттық материалдар ұсынылды.

Экспозиция қытайлық көрермендердің зор қызығушылығын тудырды

Жәрмеңке аясында «Абай жолыкейіпкерлері және Абай» және «Абай. Өлеңдер мен поэмаларатты жаңа басылымдардың тұсаукесері өтті

Бұл еңбектер ұлы ақын мұрасын кең оқырман қауымға насихаттауға бағытталғанІс-шараға Гуандун провинциясы насихат департаментінің өкілдері қатысты

Оңтүстік-Қытай кітап жәрмеңкесі 15-19 тамыз аралығында өтудеЖәрмеңкеге Біріккен Араб Әмірліктері, Вьетнам, Германия, Мысыр, Катар, Қырғызстан, Малайзия, НидерландӨзбекстан Польша, Сингапур, Таиланд және Франция елдерінің баспалары мен мәдени ұйымдары қатысуда

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі