Астанада ЖРО қызметкерлеріне арналған «Кәсіби даму академиясы» аясында оқыту басталды

Астанада ЖРО қызметкерлеріне арналған  «Кәсіби даму академиясы» аясында оқыту басталды

Астанада 13 – 15 тамыз аралығында Қазақстанның барлық өңірлерінен келген жастар ресурстық орталықтарының (ЖРО) жетекшілеріне арналған үш күндік оқыту семинар-тренингі өтті.

Кәсіби даму академиясының негізгі мақсаты – жастар саясаты саласындағы жетекшілердің біліктілігін арттыру. Қатысушылар лекциялар тыңдап, келесі негізгі бағыттарды қамтитын сабақтарға қатысты. Атап айтсақ, жаңа буын көшбасшылығы, әлеуметтік жобалар құру және жастарды тарту, цифрлық қауіпсіздік және жасанды интеллект. Мамандар алған білімін тәжірибе жүзінде сынап көрді.

Іс-шараны ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Жастар және отбасы істері комитетімен бірлесе отырып, «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы ұйымдастырды.

Бұл – оқудың бірінші легі, екінші легі 20 – 22 тамыз аралығында өтеді.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі