Астанада адам құқықтары мен әлеуметтік жұмыс саласына халықаралық стандарттарды енгізу мәселесі талқыланды

Астанада адам құқықтары мен әлеуметтік жұмыс саласына халықаралық стандарттарды енгізу мәселесі талқыланды

2025 жылғы 14 тамызда Астана қаласында Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «Инклюзивті азаматтық қоғамды дамыту, балалардың құқықтарын қорғау және адам құқықтарын кеңейту мен қорғаудың тетігі ретінде кәсіби әлеуметтік жұмысты институционализациялау саласына халықаралық стандарттарды енгізу» тақырыбында диалог алаңы өтті.

Іс-шараны «Бақытты бала» қоғамдық қоры мен Кәсіби әлеуметтік қызметкерлердің ұлттық альянсы, сондай-ақ «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ ұйымдастырды.

Жиынға мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, білім беру мекемелерінің және халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.

Талқылау барысында келесі мәселелер қаралды:

– білім беру және тәрбие жүйесіне халықаралық стандарттарды енгізу;
– халықтың осал топтарын азаматтық қатысу процестеріне тарту;
– арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету бойынша халықаралық тәжірибе;
– инклюзивті қоғам құрудағы балалар мен жасөспірімдер қауымдастығының рөлі;
– ерекше балалардың табысты өмірлік жетістіктері;
– әлеуметтік жұмыста супервизияның маңызы;
– денсаулық сақтау жүйесіне кәсіби стандарттарды енгізу.

Қатысушылар халықаралық стандарттарды қазақстандық тәжірибеге бейімдеу мақсатында сектораралық ынтымақтастықты күшейтудің, тәжірибе алмасу мен нақты ұсыныстар әзірлеудің маңызын атап өтті. Әлеуметтік қызметкерлерді даярлау және олардың біліктілігін арттыру жүйесін халықаралық талаптарға сәйкес жетілдіру қажеттілігі де сөз етілді.

Сонымен қатар, әлеуметтік жұмыс жүйесін институционалдық тұрғыда дамытудың, соның ішінде ҮЕҰ-ға қажетті әлеуметтік бағыттағы ресурстардың қолжетімдігі талқыланды. Балалардың құқықтарын қорғау мен кемсітушіліктің алдын алу саласында құқықтық тетіктерді дамыту мәселесіне де назар аударылды.

Халықаралық сарапшылармен және ұйымдармен тұрақты тәжірибе алмасу, қазақстандық мамандардың шетелдік тағылымдамаларға қатысуы және алынған білім мен тәжірибені ел жағдайына бейімдеу қажеттілігі де айтылды.

Іс-шара барысында әзірленген ұсыныстар тиісті мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттарына жолданып, одан әрі қаралатын болады.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі