Қостанай қаласында «Мемлекеттік есепке алу және ведомстволармен өзара байланыс» тақырыбында екі күндік республикалық семинар өтті.
Семинар жұмысына Астана қаласынан, Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облыстарынан келген мемлекеттік және ведомстволық архив мекемелерінің өкілдері қатысты.
Жиын барысында цифрландыру жағдайында архивтік құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету мәселелері қаралып, бұл үдерістердің мемлекет, қоғам және азаматтар мүдделерін қорғауға бағытталғаны аталып өтті.
Семинар қатысушыларына электрондық құжаттарды тапсыру, қабылдау, сақтау және пайдалану процестерін автоматтандыруға мүмкіндік беретін «Бірыңғай электрондық құжаттар архиві» ақпараттық жүйесі таныстырылды. Оқыту нәтижесінде мамандар аталған жүйемен жұмыс істеудің практикалық дағдыларын меңгерді.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі