Павлодар қаласының Жастар бастамаларын дамыту орталығында Халықаралық жастар күніне арналған республикалық форум аясында «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы ұйымдастырған JastarX диалог алаңының кездесуі өтті.
Кездесуде еңбек нарығында заманауи трендтер талқыланды. ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетовтың айтуынша, бүгінгі кәсіби орта цифрландыру, автоматтандыру және жасанды интеллектінің дамуынан өзгеріп жатыр. Жұмыспен қамту құрылымы да өзгеруде: жаңа мамандықтар пайда болып жатса, кейбір дәстүрлі кәсіп түрлері өзектілігін жоғалтқан.
Іс-шара аясында жастардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру жолдары, заманауи дағдыларды дамыту, кәсіби білімнің маңызы, сондай-ақ жастар мен жұмыс берушілер арасындағы байланысты нығайту мәселелері кеңінен талқыланды.
JastarX жастарға ашық пікір алмасуға мүмкіндік беріп, олардың еңбек нарығындағы жаңа сын-қатерлерге бейімделуіне, сондай-ақ, кәсіби бағыттарын саналы түрде таңдауға ықпал ететін мазмұнды диалог алаңына айналғанын тағы бір мәрте дәлелдеді.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі