Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұйымдастыруымен, Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігінің (TİKA) қолдауымен архив қызметкерлеріне арналған оқыту курсы басталды.
Курс аясында архив ісін цифрландыру және құжаттарды қалпына келтіру, материалдар мен құжаттарды жіктеу бойынша теориялық және практикалық білім беріледі.
Оқыту курсы ҚР Ұлттық архиві мен Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының базасында өтеді. Аталмыш курста Түркия Республикасынан келген Коч Фикрет, Балабан Алкан және Дедеоғлу Хакан сынды білікті мамандар дәріс оқиды.
Төрт күнге созылатын біліктілікті арттыру дәрісіне Астана қаласындағы 60-қа жуық архив қызметкері қатысып, тәжірибе алмасуда.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі