2025 жылғы 1 тамызда Алматы облысының туристік және рекреациялық аймақтарын қоғамдық бақылау шеңберінде Қоғамдық кеңес мүшелері экологиялық мониторинг жүргізді.
Көшпелі экологиялық мониторинг Қонаев қаласындағы 5-ші және 6-шы жағажай аумағында өтті.
Мониторингтің мақсаты –өзекті экологиялық проблемаларды анықтап, жағалау аймағының санитарлық жағдайын бағалау, сондай-ақ демалушылар үшін инфрақұрылым мен жағдайды жақсарту бойынша ұсыныстар әзірлеу.
Суға түсу маусымы болғандықтан, аталмыш нысандарда барлық қауіпсіздік шаралары сақталған. Атап айтқанда, суға түсу кезінде жағалау сызығынан асқан кезде дереу ескертіледі, қоқыс тұрақты түрде тазаланады, медпунктер жүйелі жұмыс атқаруда, құтқарушылар әрдайым көмек қолын созуға дайын.
Айта кетейік, 5-ші жағажайда құтқарушылар саны 15 құтқарушыдан 22-ге өскен. Ал, 6-шы жағажайға тағы үшеу қосылған. Сондай-ақ 4 лед-экран орнатылған. 5-ші жағалауда 22 дауыс зорайтқыш орнатылған. Аумақта 4 құтқару мұнарасы және судағы тәртіп ережелерімен таныстыратын ақпараттық стендтер бар. Су көліктері мен шағын көлемді кемелерге арналған 2 бөлек орын белгіленген.
Осы бағыттағы жұмысты Қоғамдық кеңес маусым аяқталғанша жүргізетін болады.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі