Жартыжылдық қорытындысы: цифрлық болашаққа бағытталған қадамдар

Жартыжылдық қорытындысы: цифрлық болашаққа бағытталған қадамдар

Бүгінде «Е-Архив» ақпараттық жүйесіне 4 793 мемлекеттік мекеме қосылып, 17 245 пайдаланушы тіркелді.

Архив мекемелері жүйені толықтыру бойынша белсенді жұмыс атқаруда. Атап айтсақ, алты айда 63 317 қор бірлігі, 92 710 тізім бірлігі, 4 325 517 іс бірлігі цифрланып, жүктелген.

2025 жылға арналған «Е-Архив» ақпараттық жүйесін жетілдіру және жаңарту жоспары жүзеге асырылуда.

Мәселен, «Номенклатуралық істің индексі» жолағын көрсету қамтамасыз етілді, басқа жүйеден көшірілген құжаттарды өзгерту мүмкіндігі енгізілді,«Құжат нөмірі» жолағының орналасуы жетілдірілді.

2024 жылдың қорытындысы бойынша министрліктің Жобалық кеңсесі орталық мемлекеттік органдар арасындағы үздік үштікке енді. Бұл көрсеткіш әлі де өзгерген жоқ.

Жобалық кеңсе министрлік құрылымдық бөлімшелеріне жобалық басқару жүйесін енгізу бойынша үйлестіруші және әдістемелік қолдау көрсетуде. Атап айтсақ, жобаларды іске асыру мониторингі, мақсатты көрсеткіштерге қол жеткізуді талдау және қолдау, жобалық басқару саласындағы халықаралық тәжірибені зерттеу және енгізу шараларын жүргізуде.

Жобалық тәсілді қолдана отырып функционалды талдау жасалды, бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда.

Министрлік жүзеге асырып жатқан цифрлық бастамалар:
• «Жасанды интеллект элементтері бар Ұлттық цифрлық білім базасы»;
• «Мемлекеттік тілде сурдоаударма»;
• Жасанды интеллект көмегімен мемлекеттік тілде контент дыбыстау;
• Қазақстан болашағы экспонаттарын құру және кеңейту. Осы жұмыстың аясында «Qazaq Culture» жобасын масштабтау бойынша «Жасанды интеллект призмасы арқылы Қазақстан мәдениеті» модулін жасау жоспарлануда.

Қазіргі кезде жұмыс істеп тұрған ақпараттық жүйелер: 1. «е-Архив» ақпараттық жүйесі
2. «Үкіметтік емес ұйымдар дерекқоры» ақпараттық жүйесі
3. «Ұлттық цифрлық кітапхана» ақпараттық жүйесі
4. «Кино көрсететін және фильм өндіретін ұйымдарды бірыңғай бақылау» жүйесі («е-Кино»)

Биыл Қазақстан мұражайларының виртуалды желісі «E-museum» веб-порталы іске қосылды. Бұл платформаға әлемнің кез келген нүктесіндегі қолданушы еліміздің мәдени мұрасын 3D үлгіде тамашалау үшін, визуалды және интерактивті технологиялар енгізіледі.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі