Алғашқы жартыжылдық қорытындысы: медиасфераны дамыту және медиасауаттылықты арттыру

Алғашқы жартыжылдық қорытындысы: медиасфераны дамыту және медиасауаттылықты арттыру

Алғашқы жартыжылдық қорытындысы: медиасфераны дамыту және медиасауаттылықты арттыру

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің бұйрығымен журналистің бейбіт жиындарда жұмыс істеу тәртібі мен оларды айырым белгілерінің үлгісі бекітілді.

Қазақстан Республикасы Парламенті жаңа Салық кодексін қабылданды. Онда отандық мерзімді баспа басылымдарына қосылған құн салығының (ҚҚС) жеңілдетілген мөлшерлемесін – 10% көлемінде қолдану нормалары қарастырылған.

Қазақстанда халықтың медиасауаттылығын арттыру және медиасфера мамандарының біліктілігін көтеру бойынша 2025 жылға арналған Жоспар бекітілді.

2025 жылдың I жартыжылдығында Жоспарды іске асыру аясында салалық журналистиканы дамыту бойынша 8 оқыту іс-шарасы өткізілді. Оқытуға 600-ден астам БАҚ өкілі мен медиа мамандықтарының студенттері, сондай-ақ орталық мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдардың және квазимемлекеттік құрылымдардың 400 баспасөз хатшысы қатысты.

Сондай-ақ елдің жетекші жоғары оқу орындарымен салалық журналистиканы дамыту бойынша 10 меморандумға қол қойылды.

 

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі