Қоғамдық кеңес мүшелеріне арналған онлайн-семинарлар легі іске қосылды

Қоғамдық кеңес мүшелеріне арналған онлайн-семинарлар легі іске қосылды

Қоғамдық кеңес мүшелерінің әлеуетін арттыруға бағытталған онлайн-семинарлар легі басталды.

Бағдарлама аясында қатысушылар қоғамдық кеңестердің қызметін реттейтін құқықтық негіздермен, қоғамдық бақылауға қатысу механизмдерімен, мемлекеттік органдармен өзара тиімді іс-қимыл тәсілдерімен, стратегиялық жоспарлау, ұйымның ішкі жұмысы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәсілдерді қалыптастыру, коммуникация және азаматтардың өтініштерімен жұмыс істеу тақырыптарын меңгеріп шығады.

Сонымен қатар, кеңес мүшелері мемлекеттік қызметтердің сапасын бақылау, халықпен және мемлекеттік құрылымдармен тиімді диалог құру, мемлекеттік органдардың қызметін бағалау, әзірлеу бойынша тәжірибе алмасатын болады.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі