Оралда Батыс Қазақстан облысының XII Азаматтық форумы өтті

Оралда Батыс Қазақстан облысының XII Азаматтық форумы өтті

2025 жылғы 25 шілде күні Орал қаласындағы «Атамекен» өнер орталығында «Қоғам үні: еңбек адамы және аймақтық даму» тақырыбында Батыс Қазақстан облысының XII Азаматтық форумы өтті.

Форумның мақсаты – өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына азаматтық қоғамның қатысуын арттыру, өзекті бастамаларды талқылау және үкіметтік емес ұйымдар мен мемлекеттік құрылымдар арасындағы серіктестікті нығайту.

Іс-шараға ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі өкілдері, үкіметтік емес ұйымдар, мемлекеттік органдар, ардагерлер, қоғам қайраткерлері және белсенді азаматтар қатысты.

Форум бағдарламасында бірқатар бағыттар қамтылды. Атап айтсақ, ҮЕҰ туралы заңнаманы және мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс тетіктерін жетілдіру, жұмысшы мамандықтардың ел болашағындағы рөлі, Конституцияның Тәуелсіздік негізі ретіндегі маңызы туралы панельдік сессиялар өтті. Азаматтық қоғамның өңірлік дамудағы орнына арналған ашық пікірталастар, ҮЕҰ жүзеге асырған табысты жобалардың таныстырылымы мен тәжірибе алмасу алаңдары өтті.

Форум екі жылда бір рет өткізіледі. Дайындық жұмыстары өңірдегі үшінші сектордың белсенділігін және азаматтық қоғамның белсенділігін көрсетті. Сонымен қатар, форум барысында Қазақстан Республикасындағы азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдамасын іске асыру және ҮЕҰ қызметін реттейтін құқықтық негізді жетілдіру мәселелеріне айрықша назар аударылды.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі