2025 жылы архив қорларына 74 мың іс енгізілді.
Биыл Ұлттық архив қоры 300 мың сақтау бірлігіне артып, 27,9 миллион бірлікке жетті.
Жалпы, 2025 жылы архив қорларына 74 мың іс қосылды. Ұлттық құрылтайдың IV отырысында Мемлекет басшысы Қасым‑Жомарт Тоқаев архив құжаттарын цифрландырудың, Ұлттық цифрлық архив құрудың және оны отандық әрі шетелдік нейрожелі әзірлеушілеріне ашық қолжетімді етудің маңызын атап өтті.
Бүгінгі таңда 2 624 404 сақтау бірлігі цифрланды, соның ішінде 123 мыңнан астамы жеделдетілген тәртіппен осы жылы сандық форматқа көшірілді.
Тарихи құжаттарды сақтау және оларды болашақ ұрпаққа жеткізу – мемлекеттің ең маңызды әрі жауапты міндеттерінің бірі.
Құжаттарды сапалы сақтау үшін кәсіби қызмет көрсету, консервация мен реставрация маңызды. Осы бағытта мамандар 10 мың сақтау бірлігіне тиесілі 150 000 бетті қалпына келтірді.
Сонымен қатар, архив деректеріне деген азаматтар мен ұйымдардың сұранысы жыл сайын артып келеді. 2024 жылы архивтер жеке және заңды тұлғалардың сұрауымен 2,2 миллионнан астам сақтау бірлігін пайдалануға ұсынды, ал биыл 600 мыңнан астам сұраныс түсті.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі