Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Бірыңғай грант операторының қолдауымен шағын гранттар байқауына өтінім қабылдаудың басталғанын жариялайды. Байқау жеңімпаздары жобаларын іске асыру үшін 1 000 000 теңгеге дейін қаржылық және ұйымдастырушылар тарапынан әдістемелік қолдау алады. Жобаларды 3 айға дейін мерзімде жүзеге асыру қажет.
Шағын гранттар келесі басым бағыттар бойынша ұсынылады:
- волонтерлік бастамаларды дамыту (төтенше жағдайлар, экология, медицина, мәдениет, әлеуметтік бағыт, жануарларды қорғау) – 60 грант;- инклюзивті қоғамды дамыту – 18 грант;
- ауылдық бастамаларды қолдау – 18 грант.
Өтінімдер 2025 жылғы 16 шілдеден 4 тамызға дейін қабылданады.
Грантқа тіркелген үкіметтік емес ұйымдар (ҮЕҰ); волонтерлік жобалар бойынша бастамашыл топтар; волонтерлік жобалар бойынша 18 жастан асқан жеке тұлғалар қатыса алады.
Толық ақпаратты Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының ресми сайтынан көруге болады: www.cisc.kz («Гранттар» бөлімі → «Шағын гранттар»), мұнда байқаулар мен ұйымдастырушылар туралы барлық ақпарат орналастырылған.
Байқауды гранттық жобаларды жүзеге асырып жатқан үкіметтік емес ұйымдар ұйымдастыруда.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі