2025 жылдың 6 шілдесінде Индонезия астанасында «Indonesian Ballet Gala» фестивалі өтті. Оған әлемнің түкпір-түкпірінен келген балет жұлдыздары қатысты.
Іс-шара аясында екі ауқымды гала-концерт өтті. Оған Нидерланд, Шотландия, Филиппин, Украина, Италия, Жапония және Индонезияның жетекші хореографиялық ұжымдары қатысты.
Фестивальге Қазақстан атынан Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының мақтаныштары Жанель Түкеева мен Богдан Вербовой қатысты. Әртістер «Дон Кихот» балетінің үшінші актісінен Pas de Deux қойылымын орындап, көрермен көңілінен шықты.
Отандық өнерпаздардың кәсіби шеберлігі, сахналық образы көпшіліке ерекше әсер етіп, кештің көркін кіргізді. Қазақстан балет мектебінің әлемдік деңгейдегі кәсіби шеберлігі тағы бір мәрте мойындалды.
«Indonesian Ballet Gala 2025» фестивалі өнердің түрлі мәдениетті біріктіріп, миллиондаған адамға шабыт сыйлай алатынын дәлелдеді.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі