Абай облысында республикалық ASK CAMP жас2025 жылдың 8–11 шілдесі аралығында Абай облысында Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Абай облысы әкімдігінің қолдауымен «Қазақстан студенттерінің Альянсы» республикалық студенттік қозғалысының ұйымдастыруымен ASK CAMP жастар форумы өтуде.
Форумға еліміздің барлық өңірлерінен 300-ге жуық белсенді студент, еріктілер мен жас көшбасшылар қатысуда.
Форумның басты мақсаты – жастар арасында азаматтық сана мен патриоттық құндылықтарды нығайту, елге деген жауапкершілік пен белсенді өмірлік ұстанымды қалыптастыру.
ASK CAMP – бұл табиғат аясындағы көшбасшылық, командалық және зияткерлік тәжірибелерге толы лагерь үлгісіндегі алаң.
Форум аясында мотивациялық сессиялар, практикалық семинарлар, командалық және логикалық квест ойындар, эо-марштар мен қоғамдық пайдалы бастамалар өткізу жоспарланған.
Форум қорытындысы бойынша қатысушылардың өз өңірлерінде әлеуметтік жобалар мен қоғамдық бастамаларға көшбасшылық етуге ынтасы артып, қызығушылығы қалыптасады.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі