Алматыда Ұлттық домбыра күні тойланды

Алматыда Ұлттық домбыра күні тойланды

2025 жылдың 6 шілдесінде бірқатар алаңдарда Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрінің Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік концерті өтті.

Бұл мерекелік іс-шара халқымыздың бай музыкалық өнерімен жақын таныстырып, тыңдарманға домбыраның қоңыр үнін тыңдауға мүмкіндік берді.

Ұлттық домбыра күні жыл сайын елімізде шілде айының алғашқы жексенбісінде атап өтіледі. Бұл айтулы күн мәдени мұраның маңызын ұлықтап, ұлттық өнерді дәріптеуге бағытталған.

Домбыра – қазақ музыкалық дәстүрінің символы, халық даналығы мен жан тебіренісін жеткізетін киелі аспап.

Концерт бағдарламасында күйлер шертіліп, қазіргі заман композиторларының шығармаларымен қатар еліміздің ең үздік оркестрлерінің бірі орындаған ұлттық әуендер шырқалды.

Оркестрдің жоғары кәсіби шеберлігі мен дәстүрлі өнерге деген құрметі бұл күнді ұмытылмас мерекеге айналдырды.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі