Қазақстанның барлық өңірінде ҮЕҰ консультациялық орталықтары ашылды

Қазақстанның барлық өңірінде ҮЕҰ консультациялық орталықтары ашылды

2025 жылғы 1 маусымнан еліміздің барлық өңірінде үкіметтік емес ұйымдардың консультациялық орталықтары өз жұмысын бастады. Бұл бастама азаматтардың білікті құқықтық көмек алуын кеңейтуге бағытталған, «Заң және тәртіп» наративі шеңберінде жасалған маңызды қадам.

Орталықтар азаматтар мен ҮЕҰ үшін қолжетімді құқықтық кеңес беріп қана қоймай, мемлекет жүзеге асырып жатқан бастамаларға қатысу жолдары мен мүмкіндіктері жөнінде жан-жақты мәлімет ұсынады.

Бір айдың ішінде орталықтар мамандары 400-ге жуық кеңес  берген. Оның ішінде 239 қала тұрғындарына, 103 ауыл тұрғындарына бағытталды.

Азаматтарды қызықтырған мемлекеттік сатып алулардың шарттары, әлеуметтік көмек түрлері, волонтерлік қозғалысқа қатысу мүмкіндігі, үкіметтік емес секторды дамытуға арналған қолдау шаралары, баспана мен жерге қатысты мәселелер.

ҮЕҰ консультациялық орталықтары жұмыс күндері тұрақты түрде қызмет көрсетеді. Кез келген азамат немесе үкіметтік емес ұйымның өкілі мемлекеттік бастамаларға қатысу және азаматтық қоғам институттарын дамытуға қатысты құқықтық көмек алу үшін келесі мекенжайлар бойынша жүгіне алады:

 

Өңір

Консультациялық орталықтардың мекенжайы

1

Астана қ.

Сарыарқа даңғылы, 8/1, НП 14

2

Алматы қ.

Байтурсынұлы көшесі, 145, 207-кеңсе

3

Шымкент қ.

Бейбітшілік көшесі 3, 401-кеңсе

4

Ақмола облысы        

Көкшетау қаласы, Ақан сері көшесі, 115, 13-кеңсе

5

Ақтөбе облысы

Ақтөбе қаласы, Алтын Орда шағын ауданы, Тәуелсіздік көшесі, 14Б, 208-кеңсе

6

Алматы облысы       

Қаскелең қаласы, Жұмабаев көшесі, 25

7

Атырау облысы        

Атырау қаласы, Құрманғазы көшесі, 12

8

Жамбыл облысы      

Тараз қаласы, Көшек батыр көшесі, 3, 1-қабат, 2-кеңсе

9

Қарағанды облысы  

Қарағанды қаласы, Гоголь көшесі, 31, 204-кеңсе

10

Қостанай облысы

Қостанай қаласы, 1 Мамыр көшесі, 151

11

Қызылорда облысы 

Қызылорда қаласы, Ақмешіт көшесі, 36, Қызылорда облыстық ҮЕҰ альянсының кеңсесі

12

Маңғыстау облысы  

Ақтау қаласы, 34-шағын аудан, Достық үйі, 35-кеңсе, 2-қабат

13

Павлодар облысы    

Павлодар қаласы, Жеңіс даңғылы, 3, 80-кеңсе

14

Солтүстік Қазақстан облысы

Петропавл қаласы, Интернационал көшесі, 92а, 301-кеңсе, 3-қабат

15

Түркістан облысы    

Түркістан қаласы, «Жаңа қала» шағын ауданы, 32-көше, 145-кеңсе

16

Шығыс Қазақстан облысы

Өскемен қаласы, Протозанов көшесі, 7/1

17

Батыс Қазақстан облысы    

Орал қаласы, Н.Назарбаев даңғылы, 184/1, 36-көше

18

Абай облысы   

Семей қаласы, Академик Павлов көшесі, 101А, «Азаматтық қолдау орталығы» ғимараты, 2-қабат

19

Ұлытау облысы        

Жезқазған қаласы, Пушкин көшесі, 35, Артхолл

20

Жетісу облысы 

Талдықорған қаласы, Қонаев көшесі, 47, Jetisu Jastary ғимараты

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі