
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «Aqyl Battle CUP» еліміздегі танымал зияткерлік сайысының финалы өтті.
Зияткерлік сайысқа 14-35 жас аралығындағы жастар қатысты. Іс-шара «Тіл тағдыры – ел тағдыры» жобасы аясында ұйымдастырылды.
Жоба мақсаты – жастардың білімге деген құштарлығын арттырып, шығармашылық пен зияткерлік дамуға жол ашу.
Еліміздің аймақтарынан іріктеу кезеңдерінде 1500-ден астам адам қатысты.
Ақтық кезеңге үздік 20 команда жолдама алды. Қытай, Өзбекстан, Моңғолия құрама командалары басты қарсылас болды.
Сайыс нәтижесінде Солтүстік Қазақстаннан келген «Qyzyljar» командасы бас жүлдені иеленді. Сондай-ақ жүлделі орындарды Астана қаласы мен Абай облысының білімді жастары еншіледі.
Турнирдің жалпы жүлде қоры – 3 600 000 теңге.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі