Бүгін, 27 маусымда Петропавл қаласында «Уақытпен үндес үн: азаматтық қоғам және ұлттық құндылықтар» тақырыбында Солтүстік Қазақстан облысының XII өңірлік Азаматтық форумы өз жұмысын бастады.
Іс-шараның басты мақсаты – азаматтық қоғамның тұрақты дамуын қамтамасыз ете отырып, ұлттық бірлік пен әділеттілікті нығайту, сондай-ақ мемлекеттік құрылымдар мен үкіметтік емес сектор арасындағы серіктестікті дамыту.
Форумға өңірдегі ҮЕҰ жетекшілері, Ұлттық құрылтай мүшелері, орталық және жергілікті атқарушы органдар, саяси партиялар, сарапшылар, ғылыми қауымдастық пен БАҚ өкілдері, ҚХА мүшелері, мәслихат депутаттары және белсенді азаматтар қатысуда.
Форум аясында бірқатар іс-шаралар жоспарланған:
- Азаматтық қоғамның ұлттық бірегейлік пен әділдікті нығайтудағы рөліне арналған пленарлық отырыс;
- «Үздік ҮЕҰ» атағына ұсынылған 13 жобаны қамтитын ҮЕҰ көрмесі;
- Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс пен ҮЕҰ-ға қатысты заңнамаларды жетілдіру жөніндегі диалог алаңы;
- Азаматтық қоғамды дамытуға арналған тәжірибелік мастер-класстар;
- ҮЕҰ көшбасшыларына арналған әлеуметтік көшбасшы, мемлекетпен серіктестік, қоғамдық өзгерістерге заманауи көзқарас тақырыбында оқыту бағдарламалары.
Форум барысында өңірлік бастамаларды қолдау, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және қоғамның түрлі өкілдері арасында тиімді серіктестік орнату жолдары талқылануда.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі