Бүгін Зеренді ауданының Қызыл Кордон ауылында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған республикалық «Таза Қазақстан» бастамасын қолдау мақсатында экологиялық акция өтті.
Бұл бастаманы «Жазғы волонтерлер мектебі – 2025» жобасының қатысушылары көтерді. Жоба «Birgemiz» Ұлттық волонтерлер фронт-кеңсесінің ұйымдастыруымен Ұлттық волонтерлік желі мен Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылды.
Волонтерлер сенбілік ұйымдастырып, айналадағы аумақты қоқыстан тазартып, жасыл желектерді ретке келтірді. Таза әрі көрікті аула жас ұрпақтың экологиялық жауапкершілігін қалыптастырып, қоршаған ортаға деген құрметті арттырады.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі