Қарағандылық жас режиссер Асылжан Ізбасар, CREATIVE CENTER ORTAU резиденті, Шымкент қаласында өткен республикалық SAMGAU кинофестивалінің Гран‑приін жеңіп алды.
Оның «Пат» атты режиссерлік алғашқы жұмысы үздік фильм деп танылды. Фильмде жас қарағандылық музыкант болуды армандайды.Бірақ әкесі баласының ойымен келіспейді, оның шахтер болғанын қалайды. Фильмде осы екі буынның арасындағы байланыс пен алшақтық анық көрсетіледі.
Фестивальге 30‑ға жуық өтінім түскен, соның ішінде 20 фильм конкурс бағдарламасына енген. Ал «Пат» фильмі өзінің ерекше идеясы, режиссёрлік стилі және жаңа көзқарасының арқасында қазылар алқасының көңілінен шыққан.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі