«Тұмар» - 2025 Ұлттық сыйлығының шорт-листі жарияланды

«Тұмар» - 2025 Ұлттық сыйлығының  шорт-листі жарияланды

Бүгін БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында «Тұмар» - 2025 Ұлттық телевизиялық сыйлығының он бір номинациясы бойынша номинанттар анықталды.

Биыл байқауға қатысу үшін 11 номинация бойынша жетекші республикалық және өңірлік телеарналардан 300-ден астам өтінім келіп түсті. Шорт-листке 44 жұмыс енді.

Жеңімпаздар есімі 27 маусымда Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күні қарсаңында анықталатын болады. Жеңімпаздарға отандық телевизия саласындағы ең жоғары жетістіктері үшін «Тұмар» мүсіншесі мен 1 миллион теңге көлеміндегі қаржылай сыйақы табысталады.

 

«Тұмар» - 2025 Ұлттық телевизиялық бәйгесінің номинанттары:

  1. Ең үздік әлеуметтік тележоба:

«Таза қала» - JIBEK JOLY телеарнасы

«Таза Қазақстан» - 24KZ телеарнасы

«Жақсылық жаса» -  QAZAQSTAN TV телеарнасы

«Әке арманы» - АSTANA TV телеарнасы

  1. Жылдың ең үздік репортажы:

«В гостях у кочевников» - МИР телеарнасы

«Алаяқтар балаларды қыруар қаржыға сан соқтырып жатыр» - ATAMEKEN BUSINESS телеарнасы

«Театры выживают за счёт талантов» - Хабар телеарнасы

«Абадан» - ЖЕТІСУ телеарнасы

  1. Ең үздік ақпараттық-сараптамалық бағдарлама:

«Жетінші студия» - 7 арна

«Basty taqyryp» - ATAMEKEN BUSINESS телеарнасы

«Әлем және біз» - QAZAQSTAN TV телеарнасы

«President» - 24KZ телеарнасы

  1. Ең үздік журналистік зерттеу:

«АЭС және энергетикалық қауіпсіздік» - ATAMEKEN BUSINESS телеарнасы

«По следам спасительного эшелона: как доставляли продовольствие в блокадный Ленинград из Казахстана?» - МИР телеарнасы

«Мүгедектігі бар жандар жұмысты қайдан табады?» - QYZYLORDA TV телеарнасы

«Тылсым тарих: Аштық қасіреті, Құмаршық қасиеті» - ATYRAÝ TV телеарнасы

  1. Жылдың ең үздік телехикаясы:

«Күзде келген көктем» - Хабар телеарнасы

«Құтқару қызметі» - 7 арна

«12:00» - 31 арна

«111. JUZ ON BIR» - JIBEK JOLY телеарнасы

  1. Ең үздік деректі фильм:

«Человек с острова Кулалы» - JIBEK JOLY телеарнасы

«Вандализммен күрес» - ATAMEKEN BUSINESS телеарнасы

«Закладчики. Расплата» - QYZYLJAR телеарнасы

«Олимпийские свершения: казахстанские герои Парижа» - Хабар телеарнасы

  1. Ең үздік балалар тележобасы:

«Дара бала» - BALAPAN телеарнасы

«Давай меняться» - ERTIS TV телеарнасы

«Түркістан сақшылары» - TURKISTAN TV телеарнасы

«Дарын» - QOSTANAI TV телеарнасы

  1. Ең үздік өңірлік арна:

77TV телеарнасы – Жамбыл облысы

Saryarqa телеарнасы –Қарағанды облысы

Caspian News телеарнасы – Атырау облысы

ULYTAU телеарнасы - Ұлытау облысы

  1. Ең үздік тележурналист:

Ақерке Бектас – QAZAQSTAN TV телеарнасы

Айнұр Иманғали –JIBEK JOLY телеарнасы

Аслан Қаженов –24KZ телеарнасы

Әйгерім Пернебекова –ALMATY TV телеарнасы

  1. Ең үздік тележүргізуші:

Оксана Петерс – 7 арна

Үмбетәлі Меймеш –ALMATY TV телеарнасы

Мөлдір Доспаева –Хабар телеарнасы

Вероника Вишневская – Еуразия бірінші арнасы

  1. Ең үздік спорттық комментатор:

Жандос Айтбай –Хабар телеарнасы

Ерік Ерсін –QAZSPORT телеарнасы

Азамат Ашимов – ATAMEKEN BUSINESS телеарнасы

Азамат Нұғыманов - QAZAQSTAN TV телеарнасы

 

«Тұмар» Ұлттық телевизиялық бәйгесі 2017 жылы Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің бастамасымен құрылған. Сыйлықтың басты мақсаты – қазақстандық телевизияның сапасын арттыру және дамыту, телевизиялық контент өндіру саласындағы дарынды мамандарды қолдау және үздіктерін марапаттау.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі