2025 жылғы 25 маусымда сағат 15:00-де Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы онлайн-форматта өтеді.
Отырыста Комиссияның 2024 жылғы жұмыс қорытындысы бойынша берілген тапсырмалардың орындалуы және Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарының мәслихат қызметтерінің ашықтығын қамтамасыз ету мәселелері талқыланатын болады.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі