ҮЕҰ-мен ынтымақтастық бойынша Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті

ҮЕҰ-мен ынтымақтастық бойынша Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті

2025 жылғы 24 маусым күні үкіметтік емес ұйымдармен өзара ынтымақтастық жөніндегі Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті.

Кеңес отырысына орталық және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, сонымен қатар әлеуметтік маңызы бар аурулардың профилактикасы және оған қарсы іс-қимыл саласы бойынша жұмыс істейтін ҮЕҰ басшылары қатысты.

Жиында ВИЧ инфекциясы мен туберкулездің алдын алу саласында мемлекет пен азаматтық сектор арасындағы әріптестікті нығайту мәселелері талқыланды.
Іс-шара аясында Денсаулық сақтау министрлігі, Жамбыл және Павлодар облыстарының және Шымкент қаласының әкімдіктері баяндама жасады. Аталған бағыттарда жұмыс істейтін ҮЕҰ өкілдері де өз ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.

Кеңес қорытындысы бойынша ВИЧ пен туберкулездің алдын алу саласындағы ҮЕҰ жұмысының тиімділігін арттыру және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды күшейту бойынша бірқатар ұсыныстар әзірленді. Сонымен қатар, XII Азаматтық форумды жүйелі әрі сапалы ұйымдастыруға қатысты ұсыныстар айтылды.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі